Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Теги: ,
202

Жыл басынан бері  8 034 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 115,1 мың этникалық қазақ оралды. 

Биыл Қазақстанға қоныс аударған қандастардың жартысы (54,2%) Өзбекстаннан, 20,1% – Қытайдан, 11% – Ресейден, 6,4% – Моңғолиядан, 4,9% – Түрікменстаннан және 3,3% басқа елдерден келгендер.

Елімізге келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,8%), Маңғыстау (12,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (4,8%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,7%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 67,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,8%-ды және зейнеткерлер 8,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,3%-ы жоғары білімді, 37%-ы орта кәсіби білімді, 38,4%-ы жалпы орта білімді және 7,3%-ының білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 1 925 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 787 қандас қоныс аударды. Қандастар ағыны ұлғайған кезде қоныстану аймақтарында қабылдау үшін квота мөлшері ұлғайтылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі кортеж. 17 жүргізуші жауапқа тартылды
Келесі пост
«Элиталық эскортшылар» желісін ұйымдастырушы бойжеткен ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu