Жылқы жетектеп бара жатқан қарияны көлік қағып мерт қылды

376

Солтүстік Қазақстан облысында жол бойында жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан 61 жастағы ер кісі көз жұмды. Оқиға Жезқазған – Петропавл автожолының 840-шақырымында Николаевка ауылының маңында кешкі уақытта болған. Chevrolet Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол үстінде шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Polisia.kz жазуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 61 жастағы тұрғын сол жерде қайтыс болды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі мас емес.

Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Алдыңғы пост
Сатушыны қорқытып, 25 дана IPhone ұрлап кеткен адам әлі табылмай жатыр
Келесі пост
Астанада ер кісіні бөтелкелестері ұрып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu