«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша әшкереленді

38

Денсаулық сақтау саласы жемқорлық тәуекелдеріне ең осал бағыттардың бірі ретінде қоғамның ерекше назарында қалып отыр.

Соңғы үш жылда бұл салада 134 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, нәтижесінде 57 адам сотталған. Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген сеніміне нұқсан келтіріп қана қоймай, медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігінің төмендеуіне, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына әкеп соғуда.

2025 жылғы маусым айында орталық аппарат пен оның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылық құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлық фактісі әшкереленді деп хабарлады ҚМА.

Атап айтқанда, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінді. Ол халыққа медициналық көмек көрсетуге бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты ұрлады деген күдікке ілініп отыр.

Қаражат «Damumed» ақпараттық жүйесі арқылы жалған мәліметтер енгізу жолымен жымқырылған. Яғни, Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілді деп тіркелген, бірақ шын мәнінде ұсынылмаған медициналық қызметтер бойынша отыз мыңнан астам жалған тіркеу анықталған.

Сонымен қатар, күдікті жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласып, жымқырылған қаражатты қымбат мүлік сатып алу арқылы заңдастырды деген де күдік бар.

Сот санкциясымен аталған лауазымды тұлға қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

 

 

Алдыңғы пост
Алматыда АҚШ-тан келген есірткі арнасының қызметі тоқтатылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu