Әлеуметтік желіде Астанадағы алғашқы LRT станциясының видеосы тарады

61

Астана халықаралық әуежайы маңындағы LRT станциясының құрылысы аяқталып, дайын тұрғаны белгілі болды.

Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан 101- станцияның ішінде заманауи талаптарға сай, толық жағдай жасалған. Яғни, эскалаторлар мен интерактивті экрандар да қойылған. Сондай-ақ, ары-бері қатынау үшін жеделсатыда қарастырылған.

LRT желісінде жалпы 18 станция қарастырылған. Олар екі түрге бөлінеді: жер үстіндегі (11 станция) және эстакадалық (7 станция).

Барлық станциялардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Жоспарға қасбетті монтаждау, жерасты өткелдерін салу, ішкі әрлеу жұмыстары және айналасындағы аумақты абаттандыру кіреді.

Естеріңізде болса, қала әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысы осы жылы жазда толығымен аяқталып, қыркүйекте алғашқы пойыздар жетеді деген болатын.

Алдыңғы пост
Дональд Трамп: Елдің экономикасын 43 күнде көтердік
Келесі пост
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % – ға артады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu