2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңінде Маңғыстау облысында 276 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 59 адам қаза тапты. Олардың арасында 12 кәмелетке толмаған бала бар.
«Бүгінгі күнге аталған санатта 173 тұлғаға қатысты сот үкімі қабылданды (жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы үшін ҚК-нің 345-бабымен – 86 іс, алкогольдік, есірткілік масаң күйде жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы үшін ҚК-нің 345-1-бабымен – 5 іс, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы үшін ҚК-нің 346-бабымен – 82 іс). 87 тұлғаға қатысты соттармен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Мысалы, ағымдағы жылы «Б» есімді жүргізуші кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншілерді қағып, олардың өліміне себеп болды. Сот оны ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.