266
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында алып сәби жарық дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталықта 3 баланың анасы дүниеге әкелген нәрестенің салмағы – 6 кг 880 гр.
Орталықтың мәліметінше, дәрігерлер жүкті әйелге кесарь тілігі арқылы ота жасаған.
«Бұл – биыл өңірде дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Дәрігерлер мұндай жағдайдың ерекше екенін айтады. Өйткені осындай ауыр салмақтағы нәрестелердің дүниеге келуі өте сирек жағдай. Тіл-көзден қорыққан анасы қуанышты хабарымен бөліскенмен, аты жөнін, суретін жария етпеуді сұрады» – делінген мәліметте.
22 тамызда жаңа туған сәби мен оның анасы өздерін жақсы сезінгендіктен дәрігерлердің кеңесімен үйлеріне шығарылды.