31
Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.
«Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды. «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.