Мас күйде көлік жүргізген азамат бас бостандығынан айырылды

111

Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін 39 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Осы санаттағы өндірістер бойынша Сырым аудандық соты ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа берілген сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Бұған дейін сотталушы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған, ол бойынша 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге, яғни 11.04.2030 жылға дейін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алайда түзету жолына түспей, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сот мемлекеттік айып тарабының жаза түрі бойынша пікірін ескеріп, сот үкімімен сотталушы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 1 жыл мерзім бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

Алдыңғы пост
Еліміз бойынша жыл басынан бері 30 адам суға кетті
Келесі пост
Шерзат Полат ісі бойынша судья блогерлерді арандатушылықтан бас тартуға шақырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu