Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады

322

Президент, Қаржы министрін қабылдап, республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы, кіріс, шығысты түгендеп есебін тыңдады. Сонымен қатар, салықтық-кедендік әкімшілендіру ісіндегі жаңа бастамалармен танысты.

Мәди Такиев:

-мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берді:
– осы ретте 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген;
-өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді:
– жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады;
-бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген;
-салықтық-кедендік әкімшілендіру ісіндегі жаңа бастамаларды таныстырды:
– жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілген, тексерулер санын қысқарту жөніндегі нормалар қарастырылған, камералық бақылау және салық берешегін өндіріп алу тәсілдері өзгертілген;
-Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Жобаның жүзеге асырылуы өткізу мүмкіндігін 6 есеге дейін ұлғайтып, өту уақытын 2 есе қысқартуға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын тексеру ісін тәулік бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Барлық өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр;
-мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспары жөнінде айтты. «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығында монополияға жол бермеу, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымның сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру көзделген.

Президент мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту, атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Алдыңғы пост
Мамыр айында ауа райы қандай болмақ?
Келесі пост
Г. Сатыбалдыға қатыстыға сот ісі сотқа жолданды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu