Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

44

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі қылмыстық ахуал мен ішкі істер органдары жүзеге асырып жатқан Заң мен тәртіп қағидатының орындалуы туралы баяндалды деп хабарлады Ақорда.

Президент құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Ержан Сәденов, биылғы 7 айда қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде елдегі қылмыс саны 9 мыңға азайғанын мәлімдеді.

Мәселен, адам өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұзақылық және тағы басқа негізгі қылмыс түрлерінің төмендеуі байқалады. Бұл істерді ашу деңгейі жақсарып келетінін  жеткізді.

Ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды.

Сондай-ақ, полиция өндірісіндегі барлық қылмыстық іс бойынша азаматтардың 28 миллиард теңгеден астам шығыны өтелгенін атап өтті. Сонымен қатар, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.

-Есепті кезеңде іздеуде жүрген 956 адам ұсталды, олардың 24-і шетелден Қазақстанға экстрадицияланды. Хабар-ошарсыз кеткен 600 адамның, соның ішінде 125 кәмелетке толмағанның жүрген жері анықталды.

-интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл аясында 6 call-орталық жойылды, 67 миллион жалған қоңырау мен 3 мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды. Алаяқтардың 2,8 миллиард теңгені шығаруына жол берілмеді.

-11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне тосқауыл қойылып, 19,5 мың есірткі сайты бұғатталды.

-мас күйде жасалатын қылмыстың алдын алу, кадрлық әлеуетті арттыру және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру шараларына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Алдыңғы пост
Қазақстан мен Тәжікстан энергетика саласындағы әріптестікті кеңейтуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu