Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

18

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды деп хабарлады Ақорда.

Қанат Бозымбаев Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу жөнінде баяндады. Бұл облыстар арасындағы және аймақ ішіндегі инфрақұрылымға қол жеткізу барысында байқалатын теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді. Жоба аясында 86 мың шақырым коммуналдық желінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары және жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздерін іске қосу қарастырылған. Осы ретте отандық тауар өндірушілердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика салаларындағы әлеуеті барынша пайдаланылады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына тұрғындарды су және кәріз жүйесімен сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуналдық жүйелерді басқару бойынша трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізілгені жөнінде айтылды.

Президент өңірлерді теңгерімді дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірыңғай цифрлы экожүйе енгізу, су саласын цифрландыру және су үнемдеу технологияларын қолдану жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Алдыңғы пост
Олжас Бектенов: «600-ден астам шалғай елді мекендерде медициналық нысандар салынуда»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu