Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

208

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.

Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалған болатын. Ол, еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогика институтынан бастаған. Сондай-ақ, спорт академиясында, министрлікте, спорт клубтарында жаттықтырушы болып қызмет атқарған.

Алдыңғы пост
Шымкентте 4 мыңға жуық науқас дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілмеген
Келесі пост
Еліміз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайын ба? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu