«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына 3 мыңнан астам отбасы қатысады

162

«Мерейлі отбасы-2024» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстанның ең үлгілі отбасы атағына 3369 үміткер қатысуға ниет білдірді.

Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданды. Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындардың белсенділігі төмен болды деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеді, 1482 отбасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары ұсынды.

Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеден алады.

Айта кетейік, 2024 жыл – жоба үшін мерейлі жыл. 10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Алдыңғы пост
Лауазымды тұлғаны 15 млн теңге парамен сатып алмақ болған кім? 
Келесі пост
Жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu