Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік көмек ретінде 5 млн теңге беріледі

143

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету шаралары жоспарланды. Бұл көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге 45 АЕК немесе 176 940 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаралған жалпы сома – 29,4 млн теңге. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек аударылады. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.

Тыл еңбеккерлері мен марапатталмаған ардагерлерге берілетін көмек – 15 АЕК немесе 58 980 теңге. Бұл топта 1586 адам бар, бөлінетін қаражат көлемі – 93,5 млн теңге.

ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 15 АЕК немесе 58 980 теңге қаржылай көмек көрсетілед. 70 адам, жалпы сома 4,1 млн теңге.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына – 15 АЕК немесе 58 980 теңгеден. 170 адам, бөлінетін қаражат – 10,0 млн теңге.

Жалпы алғанда, 1994 адамға мерекеге орай бір реттік әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 147,1 млн теңгені құрайды.

Алдыңғы пост
Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылады
Келесі пост
Дженнифер Лопестің концерті ел бюджетіне 400 миллион теңге кіріс әкеледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu