«Милтон» дауылы үдеп келеді: 120 дан астам үй қирап, қаза тапқандар бар

212

Милтон дауылы Флорида жағалауына жетті. Дауыл салдарынан, 125 ке жуық үй қирады. Аталмыш баспаналар қарттарға арналған нысандар болатын деп хабарлады АВС News.

Сент-Люси округінің әкімдігі қаза тапқандар бар деп отыр.

Ал, АҚШ метеорологиялық орталығының мәліміне сәйкес, 800 мыңнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған.

Бұған дейін,АҚШ-тың Флорида штаты Тампа шығанағына жақындаған 5-ші санаттағы «Милтон» дауылына дайындалып жатқандығын айтқан болатынбыз.

Сарапшылардың пікірінше, «Милтон» Атлант мұхитындағы рекордтық ең жылдам дамып келе жатқан үшінші дауыл болды. Небәрі 12 сағатта ол бірінші санаттағы дауылдан бесінші санаттағы дауылға дейін күшейді. Ғалымдар ауа райы ауытқуларының жиілігін климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынумен байланыстырып отыр.

Алдыңғы пост
Із-түссіз кеткен турист акуланың ішінен табылды
Келесі пост
Шымкентте мектеп бухгалтері 3 жылға сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu