The New York Times агенттігінің мәліметіне сәйкес, бұл штат тарихындағы ең үлкен эвакуация болып отыр дейді. Сондай-ақ, міндетті эвакуация салдарынан, жолдардың басым бөлігі жабылғанын мәлімдеді.
Жергілікті билік, тұрғындарға алысқа бармауға кеңес береді.
Америкалық басылымдардың ақпаратына сәйкес, Флорида тұрғындарына Саффир-Симпсон шкаласы бойынша ең қауіпті бесінші санатқа дейін күшейген дауыл болмақ.
Тампа мэрі Джейн Кастор жергілікті тұрғындарға сөйлеп, эвакуация аймақтарында қалғандардың барлығы өлетінін ескертті.
«Бұл ешқандай да асыра сілтеу емес: егер сіз осы эвакуация аймақтарының бірінде қалуды таңдасаңыз, сіз өлесіз», — деді Кастор.
Ұлттық метеорологиялық қызмет бұған дейін Милтон дауылы Флорида штатының Тампа қаласына қарай қазіргі бағытын жалғастыра берсе, 100 жылдағы ең күшті дауыл болатынын ескерткен болатын.