Министрлік суды заңсыз пайдаланғандармен күреспек

171

Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды.

Жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.

«Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Алдыңғы пост
Эпилепсиямен ауыратын қызды зорлаған азамат 22 жылға сотталды
Келесі пост
Испания Еуропа чемпионатында екі рекорд орнатты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu