91
Дүмпу ошағы елдің солтүстік-шығысындағы Сагайн қаласынан 16 км жерде тіркелген.
Салдарынан, Мьянма, Таиланд және Қытайдың кейбір аймақтарына айтарлықтай залал келген. Сондай-ақ, 144 адам марқұм болса, 732 адам ауыр дене жарақатын алған.
Мьянма үкіметі құрбан болғандарды құтқару үшін белсенді түрде қан тапсыруға шақырды
Генерал-майор Зо Мин Тунның айтуынша, Нейпьидо, Мандалай және Сагайндағы мемлекеттік ауруханалар науқасқа толған.
Бұған дейін, Таиланд астанасы Бангкокта 30 қабатты ғимарат жер сілкінісі кезінде құлап, салдарынан 3 адам көз жұмып, 90-ға жуық адам жоғалып кеткенін айтқан болатынбыз.
Айта кетейік, жер дүмпуінің магнитудасы – 7,7. Шамамен он минуттан кейін болған афтершок 6,4 балл болған.