314
Оларға А1 санатындағы лицензия алу үшін алты ай уақыт беріледі.
Парламент қабылдаған “жол қозғалысы туралы” заң жобасына сәйкес мопедтер толыққанды көлік құралына айналады. Қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аз мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Олар мемлекеттік тіркеуге және мемлекеттік нөмір алуға міндеттеледі.
Мопедтерді басқару үшін төмендегі талаптар міндеттеледі:
– көлік құралын уәкілетті органда міндетті тіркеуден өткізуге;
– А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу (бұл жағдайда А1 санаты автоматты түрде А, В және С санаттары жүргізушілеріне қосымша оқуды қажет етпей беріледі);
– жыл сайынғы техникалық байқаудан өту;көлік жүргізушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды алу