85
Полицияның ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Алматыда, Рысқұлов даңғылында түнгі сағат 1:30 шамасында орын алған. Мотоцикл жүргізушісі, алдымен көлікпен соқтығысып, содан кейін үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Ер адамдар, жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде қайтыс болды. Ал, әйел адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.