Үндістанның Ахмадабад қаласындағы әуе апатынан бір ғана адам аман қалды

23

Үндістанның Ахмадабад қаласында жолаушы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 241 адам қаза тапты. Аман қалған жалғыз жолаушы, 38 жаста. Ол, британдық азамат, Рамеш Вишвас Кумар Бучарвада. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ол эконом-кластың алғашқы қатарында, бизнес-кластан кейін бірден орналасқан 11А орнында, терезе жанында отырған.

Рамештің айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 30 секундтан соң қатты дыбыс естілген, содан кейін апат орын алған. «Менің жан-жағымда өлі денелер жатты. Қатты қорықтым. Орнымнан тұрып, қаша жөнелдім. Ұшақтың сынықтары жан-жақта шашылып жатты», — деді ол тілшілерге.

Рамеш Үндістанда туған, бірақ соңғы 20 жылда әйелі, баласымен бірге Лондонда тұрады. Ұшақта ол өз ағасымен бірге болған, алайда ағасы қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Айта кетейік, бортта барлығы 242 адам болған. Ұшақ жерге құлаған кезде медколледждің жатақхана ғимаратына соғылғандықтан, жерде де құрбандар бар. Үндістандық БАҚ мәліметінше, жалпы қаза тапқандар саны 310 адамға жетуі мүмкін.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Келесі пост
Инвесторларға жүргізілмек болған заңсыз тексерулерге тосқауыл қойылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu