Құны миллиард теңгеден асатын алаяқтық ісі сотқа жолданды

82

Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен қалалық Полиция департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізілген тергеуді аяқтап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Іс бойынша негізгі айыпталушы және оның 12 туысы жауапқа тартылып отыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, айыпталушы мессенджерлердегі чаттар арқылы Қытай, Өзбекстан және Ресей зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін айтып, ыдыс-аяқ, жиһаз және тұрмыстық тауарларды төмен бағамен ұсынған. Алайда ол бұл әрекеттерін қылмыстық схеманы жасыру үшін Алматыдағы базарлардан өз қаражатына тауар сатып алу арқылы бүркемелеген.

Жәбірленушілерге тауар жеткізу 6 айдан 12 айға дейін кешіктіріліп жүзеге асырылған. Осы уақыт ішінде қатысушылар көтерме тапсырыстар арқылы шығындарды жапқан.

Алаяқтықтан түскен қаражат қымбат автокөліктерге, жылжымайтын мүлікке, киім-кешек пен шетелдік саяхаттарға жұмсалған. Сонымен қатар, букмекерлік кеңселерде де қаржы қойылған.

Тергеу нәтижесінде: 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды.

Алданған азаматтардың саны – 290 адам. Залал көлемі – 4,6 миллиард теңге. Қылмыстың географиясы Алматыдан бастап Саран қаласына дейінгі аумақты қамтиды.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) тіркелген. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Алдыңғы пост
«Қазселденқорғау» облыстық филиалының басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Келесі пост
Алматы облысында үш оқушы жол апатынан қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu