85
Ақтауда оқушы қыздар қатарласын мектеп әжетханасында буындырған. Олардың қауіпті ойыны түсірілген видео, әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан оқушы қыздың алдымен жәбірленушіні шапалақпен ұрғанын көруге болады. Сосын оны тұншықтырып, кеудесін басқан. Артынша қыз есін жоғалтып, еденге құлаған.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 8 сәуірде №33 мектепте болған. Зардап шегуші жетінші сынып оқушысы. Оқушылар туралы ақпарат кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға беріліпті.