Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастады

22

Қазақ тілі – Оксфорд назарында.  Өткен жылдың басында Oxford Birsöz Initiative атты бастама қазақ тілін оқыту мен дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаны іске қосты.

Әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінің (University of Oxford) базасында орналасқан бұл академиялық орталық түркітану, сондай-ақ өңір тілдері мен мәдениетін зерттеу саласына маманданған.

Орталық Оксфорд, Ұлыбританиядағы өзге де оқу орындары мен халықаралық серіктестер арасындағы академиялық байланысты нығайтуға белсенді түрде атсалысып келеді. Oxford Birsöz Initiative Ахмет Байтұрсынұлы институтымен бірлескен меморандум негізінде жүзеге асқан еді. Жоба аясында қазақ тілін халықаралық академиялық ортада зерттеу мен дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы уақытта қазақ тіліне деген қызығушылық артқан. Бұл шетелдік студенттер, зерттеушілер мен диаспора өкілдері арасында қазақ тілін, әдебиетін және Қазақстанның мәдени мұрасын үйренгісі келетіндердің санының көбеюінен байқалады.

Бұрын Оксфорд университетінде тек түрік тілі оқытылған. Кейінірек әзербайжан тілі бойынша бағдарлама енгізілді. Ал бүгінде толыққанды қазақ тіліне арналған академиялық платформа қалыптастыру жұмыстары қолға алынып отыр. Бұл қадам қазақ тілі мен мәдениетінің халықаралық жоғары білім жүйесіндегі орнын күшейтуге зор мүмкіндік береді.

Осы бастама аясында жобаға 2025 жылдың күзінде 3 айға танымал журналист, медиаменеджер және қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы шақырылды. Шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінәң ауқымдылығын арттырып, дәрежесін көтеру мақсатында арнайы Speaking Club ашуды да жоспарлап отыр.

Бұл клуб студенттерге қазақ тілінде еркін сөйлеуді тәжірибеден өткізіп қана қоймай, Қазақстанның заманауи мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

«Қазақ тілі – жай ғана мәдени мұра емес, ол – біздің болмысымыз. Ол біздің дүниетанымымызды, ойлауымызды, этикамызды қалыптастырады. Бүгінде осы тілді халықаралық академиялық ортада дамыту мүмкіндігіне ие болу мен үшін мансап емес, шынайы миссия. Қазақ тілінде сөйлеу ғана емес, өзгелердің де оны үйренгісі келетіндей жағдай жасау маңызды. Бұл – мен үшін болашаққа сенім мен өткенге құрметтің белгісі», – дейді журналист.

Ләйлә Сұлтанқызы – Қазақстандағы алғашқы қазақтілді журналистердің бірі. Ол қазақ тілін трендке айналмай тұрып-ақ дамытуға үлес қосқан. Радио, теледидар және мәдени жобалар арқылы ұлттық тілді насихаттауға қосқан еңбегі кәсіби ортада да, қоғам арасында да жоғары бағаланып келеді. Оның Oxford Birsöz Initiative жобасына қатысуы – тек жеке үлесінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар қазақ тіліне деген халықаралық қызығушылықтың артқанын білдіреді.

Алдыңғы пост
Алматыда 14 жастағы қыздың асқазанынан 1,5 келі шаш алынды
Келесі пост
Шымкенттік дәрігерлер 235-ші бүйрек трансплантациясын сәтті жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu