Қолма-қол ақша сұраған жүргізушілер айыппұл төлесін бе? 

98

Автобустағы былықтар бітпейтін болды. Қолма-қол ақша кімнің қалтасына кетіп жатыр? Әлде, автобус паркінің басшысы да, осы ақшаның үлескері ме? Сұрақ көп, жауап жоқ.

Шымкенттегі кейбір автобус жүргізушілері міз бақпай, қолма-қол ақша алуды жалғастырып келеді. Демалыс күні, №10 бағыттағы (967) автобустың жүргізушісі бірнеше күннен бері, қолма қол ақша алып отыр. Өйткені, «Төлем» картасының аппаратын өшіріп тастаған.

Қала тұрғындарының кейбірі банк қосымшаларымен төлесе, тиын-тебені барлар, жүргізушінің қалтасын қампайтып жатыр.

Ал, осы жақында ғана, қалалық транспорт басқармасының мамандары, жолақысын төлемегендерге айыппұл салатынын айтып жар салған болатын. Тіпті, рейдтік шара ұйымдастырған.

Олай болса, қолма-қол ақша сұраған жүргізушілерге де айыппұл салынсын! Өйткені, халықтың қалтасы қалың емес. Біреуі, төлем картасын толтырып, жолақысын жинақтап қояды. Ал, енді бірінің, банк шотына шектеу қойылған. Олардың, қалтасында қаржы болмай, айыппұл арқаласа не істемек?

@transport.shym әлеуметтік желіге ғана салу үшін, рейдтік шара жүргізбегендеріңіз абзал.

Алдыңғы пост
Жамбылда екі әйел өлі табылды: Күдікті ұсталды
Келесі пост
Газада қаза тапқандардың 70 % әйелдер мен балалар: Ішінде бір күндік бала бар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu