234
Ол кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, подполковникке қатысты Қылмыстық кодекстің 124-бабының 2-бөлігі “Жас балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігінде ата-анасының немесе басқа да қамқоршысының кәмелетке толмаған адамға қатысты дәл сол әрекеті (кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру) жасауы көзделген. Аталған жайт ҚР ІІМ Облыстық әскери тергеу басқармасына тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.