86
Оралда жаппай төбелес орын алды. Әлеуметтік желіде пайда болған видеоға қарап, бір топ азаматтың бірін-бірі дубинкамен сабап жатқаны көрінеді. Тіпті, біреуі тапаншадан екі рет оқ атқан. Осыған байланысты полиция департаменті пікір білдірді.
«Таңғы сағат 5-те түнгі клубқа ер адам келген, бірақ оның мас әрі агрессивті болуына байланысты оны күзетшілер кіргізбеген. Одан кейін ер адам келуші мен күзетшіге пышақ салады. Бір топ адам мен күзет қызметі пышақ ұстаған ер адамды жанармай құю бекетінде ұстап алған, полиция қызметкерлері келгенге дейін оны соққыға жыққан», – деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.