12
Бүгін, Орал қаласындағы Зачаганск кентінде орналасқан Бірлік көшесінде қоқыс контейнерінен нәрестенің денесі табылды. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері келіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау бағытында жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары бұл жантүршігерлік жағдай бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.