52
Сәбидің ойыны ата-анасын уайымға салып қойды. Қостанай қаласындағы көппәтерлі үйлердің бірінен құтқарушыларға шұғыл қоңырау келіп түскен.
2021 жылы туған кішкентай қыз ойнап жүріп, басын баспалдақ таяқшаларының арасына қыстырып алып, өз бетінше шыға алмай қалды. Анасы оны босатуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетіп, жоғары қысымды гидравликалық құралдың көмегімен металл таяқшаларды абайлап ажыратып, қызды босатты.
Абырой болғанда бала зардап шеккен жоқ, оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Баланы қараусыз қалдырмаңыздар!