6
Қызметкерлердің қатыгез қарым-қатынасы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Ата-аналардың айтуынша, жекеменшік «Аманат и К» түзету балабақшасының тәрбиеленушілеріне тамақ берілмеген. Ол аздай, балаларды ұрып-соққан. Кейбір бүлдіршіндердің дене жарақаттары, ми шайқалуы, жабық бас-ми жарақаты тіркелген екен.
Облыстық ПД мәліметінше, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, Павлодарда балабақша балаларын ұрып-соғу фактісі тіркелген болатын. Жалпы, әлеуметтік желіде балаларға жасалған қатыгездік саны артып барады.