168
Облыс орталығында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған азамат ұсталды. Ол Павлодар қаласында футбол бапкері болып қызмет еткен.
Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.
«Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді ПД.
Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған. Ал, жасөспірім қызбен психологтар жұмыс жасауда.