54
“Хувентуд Беллависта” командасының “Фамилия Чоккамен” кездесуі кезінде ауа райы күрт өзгеріп, жауын-шашынға ұласқан. Сол мезетте, судья ойынды тоқтатып, спортшылар сырт алаңға бет алған еді. Кенеттен найзағай соғып, бірнеше ойыншы жерге сұлқ түскен. 39 жастағы Хосе Уго де ла Крус Меза қаза тапты. Ал 42 жастағы Хуан Чокта Льякта жарақат алып, ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, тағы үш футболшы жарақат алған. Олар, қазір дәрігердің бақылауында. Ішінде ең кішісі 16 жаста.