Полицей қызметтік көлікпен, мопед айдаған жасөспірімді басып өткені үшін 2 жылға қамалды

147

Жантүршігерлік жағдай, Атырау облысы, Сағыз ауылында орын алған. Жасөспірімнің анасының айтуынша, екі жасөспірімді жергілікті полицейлер қызметтік көлікпен қуып келген. Жастар, рөлді жол жиегіне алып, келесі көшеге бұрыла берісте аударылып түседі. Сол мезетте, жылдамдықпен келе жатқан полицей, жәбірленушіні басып өткен.

«Міне баламды қуып келе жатыр. Балам, осы жерде, бұрған сәтте мотоциклден тайып, ұшып түседі. Жерге құлап, Сари Медет баламды қолынан жұлқып, жерге тастай салды. Қасындағы Хамитов Қуанышбек. Екеуі де, полиция қызметкерлері»-, дейді анасы.

Жәбірленушілердің айтуынша, полиция қызметкерлері, жедел-жәрдем шақырмай, баланы көлікке салып алып кеткен. Ал, дәрігерлер, баланың сол уақытта қайтыс болғанын жеткізген.

Айта кетейік, оқиға ағымдағы жылдың сәуір айында орын алған.

Бір баланың ажалына себепші болған полицейдің екі жылға сотталғаны күмәнді. Десе де, құзырлы орган өкілдері, тағы да тексеріп, анықтау жұмыстарын жүргізеді деген ойдамыз.

Алдыңғы пост
Жездесін өлтіруге оқталған күдікті Түркістаннан ұсталды
Келесі пост
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu