Президент: «Қазақстандық дәрігерлер жүрекке жыл сайын мыңдаған ашық операция жасайды»

36

Жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келеді. Бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасы жоғары екенін көрсетеді деп Ақорда.

– Бүгінде көптеген ауруханаларымыз халықаралық аккредиттеуден өткен. Нейрохирургия мен Кардиохирургия ұлттық орталықтары әлемдік клиникалар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетеді. Қазақстандық дәрігерлер жүрекке жыл сайын мыңдаған ашық операция жасайды. Емделушілердің қатарында тіпті, жаңа туған нәрестелер де бар. Елімізде органдарды трансплантациялау ісі жоспарлы түрде дамып келеді. Жуырда жүрек ауыстыруға арналған жүзінші ота сәтті өтті. Биыл алғаш рет бір мезетте үш адамға үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салды. Өздеріне сәйкес келетін органдарды алу үшін пациенттер бір-біріне донор болды. Мұндай күрделі операциялар дүние жүзінде алты елде ғана жасалады. Онкологиялық ауруларды емдеуге сәуле терапиясының озық әдістері қолданылып жатыр. Былтырдан бері елімізде мүлде жаңа бағыт – фетальді медицина дами бастады. Яғни, бұл – ана құрсағындағы шаранаға операция жасау деген сөз. Мұндай бірегей медициналық көмек көптеген баланың дүниеге дені сау болып келуіне мүмкіндік сыйлайды. Сирек кездесетін сырқаты бар адамдарды емдеу мен денсаулығын жақсартуға ерекше мән берілуде. Мемлекеттің алдында мұндай науқастарды шетелдік қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді күрделі міндет тұр. Осы орайда менің ұсынысым бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қоры үлкен қолдау көрсетіп отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға айрықша назар аударатынын айтты.

– Ірі халықаралық инвесторларды тарта отырып, стратегиялық сипат алған бұл саланы дамытуға күш салу маңызды. Алдағы уақытта медицина ғылымының әлеуетін толықтай игеру керек. Ол үшін қазірдің өзінде берік негіз бар. Ғалымдарымыз онкология, трансплантология, неонатология, генетика, биомедицина салаларында тың жаңалықтар ашты. Қан ауруларын емдеуге отандық препараттар қолданылып жатыр. Жасанды интеллект сырқаттарды анықтау мен емдеудің көкжиегін кеңейтеді. Аталған перспективті салада айтарлықтай серпіліс жасау қажет. Ядролық медицинаның мүмкіндігін де барынша пайдаланған жөн. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – елдегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші, – деді Президент.

Ақпарат: Ақорда

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Келесі пост
Жасөспірімді ағасы зорлаған: Күдікті өмір бойына сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu