Президент: Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады

204

Әлбетте, әр ата-ана бауыр еті баласын отан алдындағы борышын өтеуге жібереді. Бірақ, оның қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Өйткені, әскер қатарына кеткен кейбір жігіттер өлім құшса, енді бірі мүгедек болып қалуыда. Бұл қоғамды ойландырғаны анық. Сондықтан, әскери өмірге сынмен қарайды. Осы ретте, Президент, әскер қатарында заң мен тәртіпті болуы тиіс деді.

“Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты”,-деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы пост
АҚШ Венесуэла Президентінің ұшағын басып алды
Келесі пост
Жыл басынан бері жол көлік апатынан 1300 адам көз жұмған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu