Проблемалық борышкерлер жауапқа тартылды

114

Солтүстік Қазақстан прокурорлары проблемалық борышкерлерді жауапқа тартты.

Қадағалау органының үйлестіруімен жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚК) 139-бабы бойынша 3 алиментші қылмыстық жауаптылыққа тартылды, тағы 2 – сотқа жеткізілді, олар бойынша сот ісін талқылау жүргізілуде деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Мысалы, кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған ауданаралық соттың 2025 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен борышкер кәмелетке толмаған баланы асырау туралы алименттік міндеттемені (4,9 миллион теңге қарызы бар) 6 айдан астам орындамағаны үшін, ҚК-ның 139-бабына сәйкес 1 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Алимент төлемдерін өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК) 669-бабына сәйкес 23 қасақана борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды оның прокурорлармен қозғалған қаулылардың негізінде – 15 іс.

Осылайша, Айыртау аудандық сотының 2025 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен ӘҚБтК-ның 669-бабына сәйкес, аудан прокурорының бастамасымен жүргізілген іс бойынша алиментші 5 күн мерзімге қамауға алынды.

Жыл басынан бері құқық бұзушылықтарды жою мақсатында алимент өндіру мәселесі бойынша құқық қорғау органдарына 13 ұсыныс жіберіліп,нәтижесінде 10 сот орындаушысы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде алименттік қарыз 13 миллион сомаға өтелді.

Қазіргі уақытта қарыздың қалдығы 240 миллион теңгені құрайды, ол бойынша тиісті жұмыс жалғасуда

Алдыңғы пост
Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысымен кездесті 
Келесі пост
«Қазпошта» арқылы АҚШ-тан есірткі алған күдікті ұсталды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu