Прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын қорғады

31

2025 жылғы 29 сәуірде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Н және K» ЖШС-ге қатысты салықтық тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырылған деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Алайда бұл бұзушылықтар тексеру нәтижелері туралы актісінде көрсетілмеген.

«Соттың 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен кәсіпкерлік субъектісі ӘҚБтК-нің 281-бабының 5-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 393 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Тараз қаласының прокуратурасы сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Жамбыл облыстық соты прокуратураның уәждерін ескеріп, салық органдары тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарды көріп, кәсіпкердің жағына шықты»,-деп жазылған мәлімдемеде.

2025 жылғы 1 шілдеде апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, құқық бұзушылықтың болмауына байланысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды, осылайша кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

 

Алдыңғы пост
Қазақстанда 2025 жылы 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылуда
Келесі пост
Жол құрылысы сапасына жауапты техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігі күшейтілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu