Прокурорлармен ірі көлемде бекіре тұқымдас балықтар ұсталды

16

«Заң және Тәртіп» қағидатын орындау мақсатында Маңғыстау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы РМҚК «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп, 10.08.2025 жылы балық өнімдерінің заңсыз айналымын алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Іс-шара барысында Түпқараған ауданының «Ащымұрын» теңіз жағалауында азамат «Н» басқаруындағы «Toyota Land Cruiser 100» маркалы автокөлігі тоқтатылып, оның жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы 455 кг құрайтын (барлық Каспий маңы елдерінде аулауға мораторий жарияланған) бекіре тұқымдас балықтары анықталды. Аталған дерек, ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеп-тексеру Түпқараған ауданының полиция бөліміне тапсырылды, қылмыстық іс бойынша бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Сонымен қатар сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген және пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын түсіндіреміз.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, бір топ дәрігерлер Үржарға барды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu