Психикалық дертке шалдыққандарға қысым көрсеткен директор анықталды

296

Абай облысының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз адамдарды қанаған директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады.

Тексеру барысында, №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан төрт тұлғаны шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына қанау фактісі анықталды. Яғни, мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындауға баулап, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған (сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде).

Айта кетейік, қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген.

Алдыңғы пост
ПАРИЖ-2024: Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама жеңіспен бастады 
Келесі пост
Париж-2024: Милана Красавцева ширек финалға өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu