Украина құтқару қызметінің хабарлауынша, Киевте Ресей соққысынан 9 адам қаза болған, зардап шеккендер 63 адамға жетті. 42-і ауруханаға жатқызылған, алтауы – бала.
Құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздеп жатыр. Қаланың кейбір аумақтарында өрт шыққан, көліктер де өртенген деп хабарлады Азаттық порталы.
“Қазір астананың бес ауданында түнгі атқылаудын салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр” деп хабарлады төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік қызмет.
Украинаның мониторингтік арналарының хабарлауынша, ресейліктер оңтүстік жақтан қанатты зымырандар жіберген.
Түнде Харьковқа қанатты зымыранмен екі рет соққы жасалған. “Қалада екі жарылыс естілді, әуеде тағы бір ракета бар” деп жазды Харьков мэрі Игорь Терехов. Алғашқы соққы кезінде Харьковқа 19 ракета мен дрон түскен. Зардап шеккендер анықталып жатыр.
Украина қарулы күштері Киев және Харьковтан бөлек, Сумы, Полтава, Днепропетровск, Кировоград, Черкасск, Житомир, Винницк облыстарына дрон шабуылдағанын хабарлады.
Сурет: Украина төтенше жағдай мемлекеттік қызметі