276
Қазіргі таңда, су апатынан 19 мыңнан астам адам өміріне қауіп төніп тұр деп хабарлайды Skifnewskz ақпарат порталы.
Ресей үкіметінің дерегінше, су апатынан келген шығын қазірдің өзінде 21 миллиард рубльге жеткен. Қазір кемінде 4 мың үйді су басқалы тұр. Ал Түмендегі жағдай әзірге бақылауда. Десе де, қауіп жоқ деп айтуға келмейді.
Соңғы деректер бойынша, Ресейдің 39 аймағында 10 мыңнан астам үйді су басқан. Ең қиын жағдай – Орынбор облысында. Оның Орск қаласында дамба құлап, 4 мыңға жуық үй су астында қалған.