«Өрлеу» бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің 417 жобасы 203,7 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландырылды

38

2025 жылдан бастап Қазақстанда бірлескен қаржыландыру шарттарымен «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды: қаражаттың 60%-ын банктер, 40%-ын «Даму» қоры ұсынады. Бағдарлама инвестициялық мақсаттарға жеңілдікпен қарыз беруге, айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін берілген қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми телеграм арнасы хабарлады.

«Бағдарламаның мақсаты – өндірісті кеңейту, технологиялық тұрғыда жаңарту және экономиканы әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қаржыландыру, ең алдымен, басым салаларға бағытталатын болады: өңдеу өнеркәсібі, агроөңдеу, логистика, білім беру, денсаулық сақтау және басқалар. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 203,7 млрд теңгеге 417 жоба қаржыландырылды. Мұны отандық кәсіпкерлерді қолдауға және экономиканың нақты секторын дамытуға банктердің белсенді түрде тартылып жатқанынан көруге болады»,-деп мәлімдемеде.

 

Алдыңғы пост
Шымкент әкімінің орынбасары Берденов сот отырысына аурухана палатасынан қосылды
Келесі пост
Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру EGov порталы арқылы қолжетімді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu