Өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

147

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, Жітіқарадағы жеке үйдегі өртте бес кішкентай баласынан айырылған отбасыға қажетті көмек көрсетілді. Оның ішінде, психологиялық, құқықтық және материалдық көмек бар.

“Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды”, – делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазан күні Жітіқара қаласында жеке сектордағы үй өртеніп, қараусыз қалған бес бала қаза тапқан еді.

Алдыңғы пост
Қаржы пирамидаларын құрып, басқарғандардан 12 млрд теңге өтелді
Келесі пост
Алаяқтар алған несиені банктер өтейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu