70
Жамбыл облысындағы зиратқа ұры түсті. Олар, металл қоршауларды ұрламақ болған кезде қолға түсті.
Күдіктілер, Жамбыл ауданының 33 жастағы тұрғыны және Байзақ ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Отызда орда бұзар жігіттердің, бұған дейінде Талас ауданындағы қабірлерден қоршауларды ұрлауға қатысы бар екендері анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің “қылмысқа оқталу” және “алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған ұрлық” баптары бойынша іс қозғалды деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі таңда, күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.