158
Бұл заң Өзбекстанда іске асырылып жатыр. Яғни, сақал қойған ер адамдар айыппұл арқалауда.
Жоғарғы соттың мәліметінше, мұндай жағдай көбіне Джизак, Самарқан, Әндіжан және Ферғана облыстарында тіркелді.
Егер азамат, заңға қарсы шықса, 10-нан 15-ке дейін ҚДБ (3,4 миллионнан 5,1 миллион сумға дейін) айыппұл салынады. Ал, біздің теңгеде шамамен 130 мыңнан 194 мыңға дейін жетеді.
Сонымен қатар, қырынудан бас тартқан ер адамдар бұзақылық жасады және полиция қызметкерлерінің “заңды талаптарына” қарсы шықты деп айыпталып жатыр.
Бұл қаншалықты дұрыс? Егер, бұл заң біздің елімізде қолданысқа енгізілсе қалай арайсыз?