81
Тараз саябағында денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адам табылды.
Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші басынан бірнеше соққы алған. Сондай-ақ, кішкентай саусағы кесілген екен. Ол, 44 жастағы Жандос есімді азамат.
Бұрынғы полиция қызметкері. Отбасынан ажыраған ол, алкогольді ішімдіктің соңынан кеткен көрінеді. Тіпті, тұрғылықты мекен-жайы болмаған.
Аталған факті бойынша, кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.