34
“Семей орманы” резерватының Бородулиха филиалының Камышен орманшылығында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен “Қазақтелеком” АҚ Басқарма төрағасы Б. Мусиннің қатысуымен өртті ерте анықтау жүйесінің автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату орындары ашылды.
“Семей орманы” резерватының аумағында ерте анықтау жүйесі іске қосылды. Ол орман өрттеріне жедел ден қоюға, ықтимал тәуекелдерді бағалауға және өртті ерте кезеңдерде оқшаулауға мүмкіндік береді.
“Семей орманы” резерваты еліміздің орман өртіне бейім өңірлерінің бірі. Ағымдағы жылдың басынан бастап 42 өрт ошағы тіркелді, олардың едәуір бөлігі табиғи факторлардан, соның ішінде құрғақ найзағай разрядтарынан туындады.