Үш күнде төрт есірткі зертханасы жойылды

100

Құқық қорғау органдары демалысты пайдаланып, күдіктілердің жолын кесті. Олар, жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, төрт заңсыз зертхананы анықтап, 35 келіден астам есірткі затын тәркіледі.

«Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг “синтетика” және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Алдыңғы пост
Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды
Келесі пост
Ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu