173
ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды. Анықталған заттардың шығу тегі белгісіз.
Қазіргі таңда, аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін, жүк облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.