Сот М.П.Исаховты аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп тауып, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігін, 56-бабының 3-бөлігін қолдана отырып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентіне мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.
“И. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша лауазымды тұлға – Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің бірінші орынбасары С.-ға істі қысқарту үшін аса ірі мөлшерде 200 мың АҚШ долларынан аса көлемінде пара беруге оқталған”,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, сотталушының тараптары ақтауды сұраған болатын.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.